"АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ" АЭА" АҚ ЖӘНЕ "ТЕҢІЗ ПОРТЫ" КЕДЕН БЕКЕТІ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ЖЫЛЫ ЖАҒАЖАЙ АУМАҒЫНДА КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 16 наурызында "Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ және "Теңіз порты" кеден бекеті басшыларының туристік қызмет саласындағы жобаларды іске асыратын АЭА аумағында орналасқан компаниялардың өкілдерінің қатысуымен "Ақтау теңіз порты" АЭА жер учаскелерінің құрамына кіретін жылы жағажай аумағында көшпелі кездесуі өтті. Кездесу барысында АЭА қатысушылары салынған және жоспарланған жобалар бойынша ағымдағы жағдаймен таныстырды, кеден бекетінің басшылығы Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы саласындағы қойылған сұрақтарға жауап берді. АЭА қатысушыларымен көшпелі кездесулер өткізу туралы келісімге ағымдағы жылдың ақпан айында кедендік реттеу мәселелері бойынша консультациялық-әдіснамалық қолдау көрсету шеңберінде өткізілген кеден бекетінің басшылығымен кеңес барысында қол жеткізілді.

"Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ баспасөз қызметі.

Желілерде бөлісу:

  • 231